«Тіл - халық жанын танудың кілті» атты республикалық байқау жарияланды

АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасы Мә­дениет және ақпарат ми­нистр­лігі мен Қазақстанның орыс қауымы арасындағы түсі­ніс­тік пен әріп­тес­тік туралы» меморандумға сәйкес

Мәдениет және ақпарат ми­нистр­лігінің Тіл комитеті және Қазақ­стан­ның Орыс қауымы «Тіл - халық жанын танудың кілтті» атты VI республикалық байқау жариялады.

ҚазАқпарат республикалық ресми басылымдарда жарияланған осы республикалық байқау ережесінің мәтінін таратады.

«Тіл - халық жанын танудың кілті» VI республикалық байқауының ережесі

 «Қазақстан Республикасы Мә­дениет және ақпарат ми­нистр­лігі мен Қазақстанның орыс қауымы арасындағы түсі­ніс­тік пен әріп­тес­тік туралы» меморандумға сәйкес Мәдениет және ақпарат ми­нистр­лігінің Тіл комитеті және Қазақ­стан­ның Орыс қауымы мемлекеттік тілді жоғары деңгейде мең­гер­ген орыс жастарын анықтау және ынталандыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне және Қазақстан Тәуел­сіздігінің нышаны ретінде мемлекеттік тілге құрметпен қа­рауды қалыптастыру, тіл мә­дениетінің деңгейін және мем­лекеттік тілді қолдану беделін арттыру мақсатында орыс жастары арасында қазақ тілі біл­гірлерінің «Тіл - халық жанын танудың кілті» байқауын (бұдан әрі «Байқау») жариялайды. Байқау қазақ тілінде өтеді.

Байқауға қатысуға 14-22 жас аралығындағы жастар шақы­рылады. «Тіл - халық жанын танудың кілті» рес­пуб­ликалық байқауы 2 ке­зеңде 2012 жылғы 20 тамыздан бастап 10 қараша аралығында өтеді.

I кезең - өңірлік, 2012 жылғы 20 тамыздан бастап-10 қараша аралығында облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша өткізіледі.

II кезең - республикалық, 2012 жылғы 7 желтоқсанда Алматы қаласында өтеді.

Бірінші турдың ұйым­дас­тырушылары - жергілікті атқарушы органдар және Қазақстанның орыс қауымының филиалдары, ақтық мәренің ұйымдастырушылары - Мәдениет және ақпарат министр­лігі­нің Тіл комитеті және Қазақстанның орыс қауымы.

Өңірлік байқау комиссиялары байқаудың республикалық кезеңіне қатысуға бір үміткерді жолдайды. Өтінішпен қоса Ұйымдастыру ко­митеті ұсынған үлгіде қатысушының сауалнамасын және «Байқау­дың тақырыбын қалай түсінемін?» тақырыбындағы тұсаукесерін жазбаша және электрондық нұсқада ұсынады, онда байқаудың тақырыбы байқауға қатысушының өзі туралы әңгімесімен ұштасады. Аталған тұсаукесер қатысушыларды таныстырған кезде пайдаланылатын болады.

Байқаудың бірінші кезеңін өткізу шарттары:

- бірінші номинация: тыңдалым, қазақ тілінің лексикасы мен грамматикасын білуге арналған 50 тест тапсырмасы;

Тест тапсырмасын орындау уақыты - 40 минут.

- екінші номинация жазбаша және ауызша бөліктен тұрады:

а) жазбаша бөлік: ұсынылған үш тақырыптың біреуіне эссе жазу. Эссенің көлемі: 1,5-3 бет. Тапсырманы орындау уақыты - 30 минут.

ә) ауызша бөлік: белгіленген тақырып бойынша монолог құру, әділқазылар алқасының ауызша сұрақтарына жауап беру (билет алу арқылы).

- үшінші номинация: кез келген жанрдағы мәтінді мәнерлеп оқу (үй тапсырмасы).

Байқаудың екінші кезеңін өткізу шарттары:

«Қазақстанның тарихы мен мәдениетіндегі танымал тұлғалар» тақырыбында ауызша тұсаукесер жасау, Қазақстанның белгілі қайраткерлерінің біреуі жайында әңгімелеп беру қажет (билет жүйесі, электрондық және т.б. нұсқалар). Уақыт 3-5 минуттан аспауы тиіс. Есімдердің тізімін Ұйымдастыру комитеті ұсынады.

- екінші номинация: «Тұңғиық сыр тұнған қасиетті рәміз­дер!» (ҚР мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығына орай) тақыры­бында қазақ тілінде эссе жазу, сонымен қатар эссеге қосымша (4,5 жолдан тұратын) орыс және ағылшын тілдерінде түйіндеме жасау (үй тапсырмасы). Байқауға қатысушылар эссе тақырыбында әділ­қазылар алқасының алдында 3-5 минуттық сөз сөйлейді, әділ­қа­зы­лардың сұрақтарына жауап береді.

Эссенің нәтижелері алдын ала шығарылады, байқауға қатысушылар эссенің электрондық және жазбаша нұсқасын 2012 жылғы 5 қарашадан кешіктірмей Ұйымдастыру комитетіне жолдауы тиіс. Эссе А4 форматындағы парақта басылып, мәтіндік редакторы MS Word, қарпі Times New Roman, 12 кегль, аралық интервал 1,5 түрінде ұсынылуы қажет. Эссенің көлемі: 2-4 бет.

Эссенің соңғы парағында мынадай ақпарат қамтылуы тиіс: аты, тегі, туған жылы, тұратын жері, оқу орнының атауы, мекенжайы мен байланыс телефоны, электрондық поштасы, қысқаша өмірбаяны. Сонымен қатар эссенің авторы 3х4 форматты (немесе еркін үлгідегі 4х6) фотосуретін жолдайды.

- үшінші номинация: қазақ әдебиеті мен мәдениетін білуге арналған 30 тест сұрағын және «Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырмасын: қазақ әнін орындау, ұлттық би, ұлттық аспаптарда ойнау, мәнерлеп оқу (үй тапсырмасын) орындаудан тұрады. Тест орындау уақыты - 30 минут, шығармашылық тапсырма 5-7 минуттан аспауы тиіс.

Байқауға қатысушы орындалатын нөмірінің музыкалық қосымшасын таңдайды, оны Flash-диск немесе CD-дискіге жазуды қамтамасыз етеді.

Байқаудың республикалық турының жеңімпаздары мен жүл­дегерлері дипломдармен, қатысушылары алғыс хаттармен және алған орнына сәйкес ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Республикалық турға қатысушылардың эсселері жеке жинақ болып шығарылады. Байқауға қатысушыларды дайындаған оқытушыларға сертификаттар беріледі.

Байқауға қазақ тілінде білім беретін мектептерде және жоғары оқу орындарында «қазақ филологиясы» мамандығында оқитындар, сонымен қатар мемлекеттік тіл білгірлерінің өткен жылдарғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатыстырылмайды.

Анықтама телефоны: Астана қ. 8 (717/2) 740510.

 Ұйымдастыру комитеті