Тіл саясатының 5 жылдық тұжырымдамасы әзірленеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Тіл саясатын іске асырдуың 2023-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленбек. Бұл жайында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік тілді дамыту және қолданыс аясын кеңейту үшін 2023-2028 жылдарға арналған тіл саясатын іске асыру жөніндегі тұжырымдама әзірленетін болады», - деді министр Үкімет отырысында.

Ведомство басшысы Үкімет жанынан мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссия құрылғанын еске салды.

«Өңірлік семинарлар, республикалық конкурстар өткізу және азаматтардың тілдік белгілері бойынша құқықтарына нұқсан келтіруге жол бермеуге қатысты әдістемелік ұсынымдар әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді Саясат Нұрбек.