Жарысқа Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, ҰҚК, Мемлекеттік күзет қызметі, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті қызметкерлерінен құралған 8 топ қатысуда.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау барысында қатысушылар өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы сахналанған көрініс, қазақ тілін құрметтеу және патриоттық сезім туралы ән шырқау сайыстарына түсіп, 2020 жылы мемлекеттік тілді жетік білетін қызметкерлердің үлесін 95 пайызды қамтуы, мемлекеттік тілдің діңгегі - отбасы, латын әліпбиіне көшу, сондай-ақ заңдарды мемлекеттік әзірлеу тақырыптарында өз пікірлерін ортаға салады.
«Қазақ тілі - қоғамдық қатынас тілі, Қазақстан халқын біріктіретін фактор. Мемлекеттік тілді білу - әрбір қазақстандықтың міндеті. Елбасының 2020 жылы мемлекеттік тілді білетіндердің үлесін 95 пайызға жеткізу тапсырмасы кәсіби салада мемлекеттік тілді меңгерту бойынша нақты шаралар өткізуді көздейді»,-деді ҚР Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментінің басшысы Роза Досымбекова.
Айта кетейік, бұл шара ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.