«Тіл - татулық тірегі» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен және Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен ұйымдастырылған «Тіл - татулық тірегі» атты республикалық байқаудың қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Жарысты қазылар алқасының төрағасы, беделді қоғам қайраткері Мырзатай Жодасбеков қорытындылады. Байқаудың бас жүлдесін Мемлекеттік күзет қызметі жеңіп алды, ал бірінші орынды - Бас прокуратураның, екінші орынды - Қорғаныс министрлігінің, үшінші орынды - Жоғарғы Сот пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері иеленді.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ ерекше көзге түскен үздік қатысушыларға Бас прокуратураның алғыс хаттары табысталды.