деп хабарлады Ассамблеяның баспасөз қызметі.
Әдістеме негізі ретінде белгілі ресейлік лингвист тәжірибесі алынды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен жұмыс тобы құрылып, оның құрамына әлемнің 30 тілін меңгерген, психолингвист, тілдерді жеделдетіп меңгерудің бірегей әдістемелерінің авторы Дмитрий Петров, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті лингвистикалық-әдістемелік ҒЗИ сектор меңгерушісі, оқытушы, зерттеуші, қазақ тілінің онлайн оқыту бағдарламаларын әзірлеуші, ф.ғ.к., Әлия Құрышжанова, мемлекеттік тілді оқытудың жеке әдістемесінің авторы, «Парасат және Діл» қоғамдық бірлестігінің директоры Құралай Мұтанова, «Тілдарын» әдістемелік орталығының директоры, қазақ тілін ағылшын тілі арқылы меңгеруге арналған «Баршаға арналған қазақ тілі» атты оқу құралының авторы, лингвист, аудармашы Меруерт Жапарова, «Has Sanat» Ұлттық мәдениеттi дамыту қоры» қоғамдық қорының вице-президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының кеңесшісі, белгілі журналист, Қазақстан мәдениеті мен тарихын зерттеуші, педагог Виталий Александров тартылды.
Авторлар тобы әзірленіп жатқан әдістемелік жобаны «Тілдарын» деп атап, алғашқы 2 эксперименттік топта байқаудан өткізді. Эксперименттік топтарға Қазақстандағы шетел дипломатиялық өкiлдіктерінің қызметкерлері (Жапония, Индия, Франция, Украина және т.б.) және «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ өкілдері қатысты. Баспасөз мәслихатына аталған топтардың тыңдаушылары қатысады.
Сонымен қатар аталған әдістеме бойынша әзірленген оқыту әдістемелік кешенінің тұсаукесері өтедi.