Тілдерді қолдану мен дамытудың алдағы 10 жылға арналған бағдарламасында қазақ тілін білу міндеттелмеген - Мәжіліс депутаты
«Тіл үйренуді міндеттеу деген жоқ. Біз оны міндеттемейтін болсақ, қазақ тілін қалай қолданысқа енгіземіз? Міндеттейтін жерде тіл білуді міндеттеу керек. Атқару билігіне, атқарушы орындарға, атқару орындарының басшысы болып отырған адамдарға тілді білуді міндеттейтін уақыт жетті», деген халық қалаулысы бағдарламаны түзу барысында доктринаны негізге алдық деген дәйекке тоқталды.
«Доктринада тіл міндеттеледі. Ендеше неге бағдарламаны доктринаға сәйкес жасамадық? Доктринада керек болатын болса, қазақ тілін білмейтін болса азаматтық бермеу жөнінде мәселе бар. Ол бағдарламада неге жоқ?», деді А.Смайыл.
Сондай-ақ депутат аталған құжат 10 жылға арналған бағдарлама болғандықтан, қазақ тілін білуге тиісті қызметтерді де айқындау қажеттігін баса айтты. «Мәселен, бұқарамен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігінде жұмыс істегің келсе, қазақ тілін білуің керек деген сөзді осы күнге дейін неге айтпаймыз», деген депудат тілге деген қажеттілік осыдан басталатындығын қадап айтты.