«Тілдік ортаны қалыптастыру мәселелері» атты жинаққа белгілі ғалымдардың, тіл мамандарының, журналистердің, депутаттардың, қоғам қайраткерлерінің мемлекеттік тілді насихаттау және дамытуға байланысты мақалалары мен ой-пікірлері, келелі ұсыныстары топтастырылған.
«Бақ және мемлекеттік тіл», «Мемлекеттік тіл: кеше, бүгін, ертең», «Мемлекеттік тілді жетілдіруге байланысты ұсыныстар» атты бөлімдер бойынша сұрыптап берілген материалдардың танымдық, тағылымдық, талдамалық. жаңашылдық сипаты басым.
Авторлар қатарында «Мемлекеттік тіл» қозғалысы төрағасының орынбасары Асылы Осман, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты Оразкүл Асанғазы, филология ғылымдарының докторы Намазалы Омашов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ, Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, журналист Нұрлан Қалқа, филология ғылымдарының докторы Дандай Ысқақ, тарих ғылымдарының докторы Данагүл Махат және басқалар бар.