Тілдің арқасында біреулер өз атын шығарғысы келеді - Тілдер комитетінің төрағасы М. Сқақов

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгінде мемлекеттік тілді меңгеру әдістемелерін әзірлеген кезде, біреулер өз атын шығарғысы келеді.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тілдер комитетінің төрағасы Мақсат Сқақов осылай айтты.

«Тәуелсіздік алғалы бері сансыз оқу құралдары жарыққа шықты. Оны бәрі біледі. Әркім тілді үйреткісі келеді, оқытқысы келеді. Соның арқасында біреулер өз атын да шығарғысы келеді. Негізі, мемлекеттік тілді үйрету бұл - өте маңызды мәселе. Мемлекет болу үшін жер керек. Ал ұлт болу үшін тіл керек», - деді М.Сқақов.

Комитет төрағасы атап көрсеткендей, ағымдағы жылы мемлекеттік тілді меңгерудің екі әдістемесін әзірлеу көзделген. Оған 12,5 млн. теңге қарастырылып отыр.