«Тілек шыршасы» қайырымдылық акциясы аясында 27 бала сыйлыққа ие болды
17:14, 14 Қаңтар 2011
АЛМАТЫ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат- /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыдағы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатындағы оқушыларға «Тілек шыршасы» акциясы аясында сыйлықтар табысталды.
Көптен күткен жаңа жылдық сыйлықтар мектепалды даярлық бөлімі мен 1-сыныпта оқитын ең кішкентай 27 тәрбиеленушіге берілді. Ал 2-7-сынып оқушылары «Quattro Media» агенттігіне тиесілі бұйымдарға ие болды.
Жаңа жылдық «Тілек шыршасы» қайырымдылық акциясы осымен екінші жыл «Komanda SOS» ерікті үйлестірушілер орталығы мен «Спутник» сауда-саттық орталығының ұйымдастыруымен және алғашқы қазақстандық www.voxpopuli.kz фоторепортаж сайтының қолдауымен өтіп отыр.
«Шараның мақсаты - интернат, балалар үйі тәрбиеленушілерін және жағдайы төмен отбасы балаларын жаңа жылдық сыйлықтармен қамтамасыз ету», -дейді жобаның үйлестірушісі Әлия Сағынғалиева.