Қыркүйектің 22-сінде атап өтілетін Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында Астанада «Тілі бірдің - тілегі бір» атты жастар форумы өтеді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын, қазақшаға жетік, мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлттың жастары қатысады. Оңтүстік Қазақстан әкімдігінен хабарлағандай, бл форумға аймақтың атынан үш делегат қатысады. Олар - Түркістан қаласындағы №9 мектептің ағылшын тілі мұғалімі Юлия Бусыгина, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Фатима Байрамова, Шымкент Академиялық инновациялық университетінің студенті Зарина Розиметова.
12:00, 15 Қыркүйек 2010
«Тілі бірдің - тілегі бір» жастар форумына Оңтүстік Қазақстаннан үш делегат қатысады
ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Астанада өтетін «Тілі бірдің - тілегі бір» жастар форумына Оңтүстік Қазақстаннан үш делегат қатысады.