Тілімен сурет салған Шимпанзе

АСТАНА. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат - Тілімен сурет салатын шимпанзе АҚШ-тағы адам тәрізді маймылдардың өнер байқауында 10 мың доллар көлемінде ақшалай бәйгені жеңіп алды.

37 жастағы жеңімпаз күлгін, көк және сары бояулармен қағазға өз композициясын салды.

Байқауға жануарларға қайырымсыз қарайтындарға қарсы күресетін АҚШ Ізгілік қоғамы демеушілік етеді. Ақша Брент шимпанзесіне жасы ұлғайған шағында қамқорлық жасайтын Луизиана штатындағы Chimp Haven қамқорлық үйіне беріледі.