Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ТЖД басшысының міндетін атқарушы С.Молдақараевтың мәлім еткеніндей, тілсіз жаудың кесірінен 10 адам қаза болып (3-еуі балалар), тағы 20-сы түрлі жарақаттар алған. Келтірілген материалдық шығын 37 млн 249 мың теңгені құрады.
«Облыс аумағында 703 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркелген. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 766 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 22 млн. теңгеден астам айыппұл салынды», - деді С.Молдақараев.