«Time» журналының оқырмандары Джулиан Ассанжды "Жыл адамы" деп атады

АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - WikiLeaks интернет-қорының негізін салушы Джулиан Ассандж американдық «Time» журналы оқырмандарының таңдауы бойынша «Жыл адамы» деп танылды.

Дау-дамайлы жобаны ұсынған австралиялық хакер Time-де жыл сайынғы онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша 382 мыңнан астам дауыс жинап, дауыс берудің «күміс» жүлдегері - Түркия Премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоғанды басып озды, деп хабарлайды РБК журналдың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Time» журналы өзінің «Жыл адамын» бүгін атайды. Бұл жылы мәртебелі марапаттан Джулиан Ассандж, жер астынан 70 күннен кейін құтқарылған Чили шахтерлері, атақты Apple-нің негізін салушы Стив Джобс, Ауғанстан президенті Хамид Карзай, Facebook-ті құрған Марк Цукерберг, сондай-ақ АҚШ-тың "Чайная партия" (Tea Party) саяси қозғалысы үміткер болып отыр.