АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық теннисші, әлемнің 174-ракеткасы Тимофей Скатов Бухарест (Румыния) ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті қорытындылады.
Қазақстандық спортшы іріктеу сайысының финалында дүниежүзілік рейтингіде 223-орында тұрған молдовалық Раду Алботпен ойнады.
Қос теннисші бір апта бұрын Жирона (Испания) челленджер турнирінде кездесіп, онда Т.Скатов тартысты матчта 6:4, 3:6, 7:6 (7:3) есебімен жеңген еді.
Бұл жолы бірінші партияда Скатов бет қаратпады – 6:1.
Екінші сетте молдовалық теннисші 5:2 есебімен алға кеткенімен, сол басымдылықты ұстап тұра алмады. Тай-брейкте Тимофей табандылық танытты – 7:6 (7:3).
Бір сағат 43 минутқа созылған бәсекеде Скатов 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Албот 1 эйс, 2 брейктен (8 брейк-пойнт) аса алмады.
Осылайша, Т.Скатов негізгі жарысқа жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде 10-орынға түсіп қалғанын жазған едік.
Сондай-ақ Дмитрий Попко Мексикадағы жеңісінен кейін рейтингіде 175-орынға көтерілді.
Жібек Құламбаева Анталия жарысына жолдама алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).