Ширек финалда Скатов аргентиналық Федерико Кориямен (71-ші орын) кездесіп, оны үш сетте – 6:3, 3:6, 6:4 есебімен жеңді.
«Челленджердің» жартылай финалында қазақстандық спортшы тағы бір аргентиналық теннисші, 1/4 финалда италиялық Марко Чеккинатоны (98-ші орын) жеңген Факундо Диас Акостамен (228-ші орын) кортта кездеседі.
Кокимбодағы турнирдің жүлде қоры – 53 120 доллар. Жеңімпаз 7200 доллар ұтып, 80 рейтингілік ұпайға ие болады.
Фото: olympic.kz