АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 230-ракеткасы Тимофей Скатов Труа (Франция) челленджер турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 352-орында тұрған чехиялық Йогас Форейтектің мысын басты.
Екі сетте 6:3 есебі тіркелді.
Бір сағат 40 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 1 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Форейтек 2 эйспен көзге түсті.
Тимофей Скатов финалға шығу үшін әлемнің 343-ракеткасы, италиялық Лоренцо Джустиномен таласады.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шыға алмады.
Ол әлемнің 13-ракеткасы, америкалық Томми Полға жол берді — 3:6, 4:6, 2:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Уимблдонда үшінші айналымға өткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).