Тимофей Скатов Германиядағы турнирдің финалына шықты

Фото: Фото: ktf.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 242-ракеткасы Тимофей Скатов Аугсбург (Германия) челленджер турнирінің финалына шықты.

Қазақстандық теннисші жарыстың 1-ракеткасына сай шеберлігін жартылай финалда да көрсете білді.

Бұл жолы Т.Скатов дүниежүзілік рейтингіде 310-орындағы германиялық Даниэль Мазурдан 7:5, 7:5 есебімен басым түсті.

2 сағат 2 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында ол 1 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Мазур 2 эйс, 2 брейктен (9 брейк-пойнт) аса алмады. 

Тимофей Скатов та финалда әлемнің 293-ракеткасы, даниялық Элмер Мюлер немесе рейтингіде 378-сатыдағы италиялық Риккардо Бонадионың қай жеңгенімен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Т.Скатов ATP Live рейтингісінде қазіргі кезде 222-орынға көтеріліп тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ролан Гаррос турнирінде Елена Рыбакина бастаған қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.