АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 242-ракеткасы Тимофей Скатов Аугсбург (Германия) челленджер турнирінің финалына шықты.
Қазақстандық теннисші жарыстың 1-ракеткасына сай шеберлігін жартылай финалда да көрсете білді.
Бұл жолы Т.Скатов дүниежүзілік рейтингіде 310-орындағы германиялық Даниэль Мазурдан 7:5, 7:5 есебімен басым түсті.
2 сағат 2 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында ол 1 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Мазур 2 эйс, 2 брейктен (9 брейк-пойнт) аса алмады.
Тимофей Скатов та финалда әлемнің 293-ракеткасы, даниялық Элмер Мюлер немесе рейтингіде 378-сатыдағы италиялық Риккардо Бонадионың қай жеңгенімен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Т.Скатов ATP Live рейтингісінде қазіргі кезде 222-орынға көтеріліп тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ролан Гаррос турнирінде Елена Рыбакина бастаған қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).