Тимофей Скатов Германиядағы жарыстың ширек финалына жолдама алды

Фото: Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық, әлемнің 242-ракеткасы Тимофей Скатов Аугсбург (Германия) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 547-орында тұрған Словакия өкілі Норберт Гомбошпен сынға түсті.

Бірінші партияны Скатов брейкпен тәмамдады - 6:4. Есесіне екіншісінде Гомбош артығымен қарымта қайырды - 6:2. Дегенмен үшінші, шешуші сетте Скатов есесін жібермеді - 6:1.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 6 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Гомбош 6 эйс, 2 брейкпен (10 брейк-пойнт) шектелді.

Тимофей Скатов жартылай финалға шығу үшін әлемнің 329-ракеткасы, америкалық Тоби Алекс Кодатпен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Қытайды жеңгенін жазған болатынбыз.