АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық, әлемнің 242-ракеткасы Тимофей Скатов Аугсбург (Германия) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 329-орында тұрған америкалық Тоби Алекс Кодатпен кездесті.
Бір сағат 42 минутқа созылған тартысты матчта Скатов 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Тимофей 6 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Кодат 3 эйс, 4 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.
Тимофей Скатов финалға шығу үшін әлемнің 310-ракеткасы, Германия өкілі Даниэль Мазурмен таласады. Ол ширек финалда отандасы Лукас Герчті қапы қалдырды - 6:3, 6:2.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші жыл қатарынан әлем чемпионатына жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).