Тимофей Скатов Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты
Жарыстың алтыншы ракеткасы болып тіркелген Т.Скатов алдымен дүниежүзілік рейтингте 748-орында тұрған Люксембург өкілі Крис Родешті 6:4, 3:6, 6:2 есебімен ұтты.
Қазақстандық теннисшінің екінші айналымда әлемнің 190-ракеткасы, украиналық Виталий Сачкомен кездесуі аса тартысты болғаны сондай, 3 сағат 39 минутқа созылды.
Т.Скатов бірінші сетте 3:6 есебімен есе жібергенімен, содан кейін қос тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8), 7:6 (9:7).
Бәсеке барысында қазақстандық спортшы 2 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 10 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді.
Тимофей Скатов жартылай финалға шығу үшін рейтингте 440-сатыдағы ливандық Хади Хабибпен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Роджер Федерердің Елена Рыбакинаның жеңісіне қол соққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирді сәтті бастады.
Уимблдонда Юлия Путинцева қарсыласына жол берді.