Тимофей Скатов Германиядағы жарысты жеңіспен бастады

Фото: Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның екінші, әлемнің 131-ракеткасы Тимофей Скатов Люденшайд (Германия) челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемдік рейтингте 207-сатыда тұрған украиналық Алексей Крутыхпен өткізді.

Бірінші партияда жеңіс Скатовтың еншісіне жазылғанымен, екіншісінде Крутых тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:5).

Үшінші, шешуші сетте Тимофей таразы басын аудара білді – 7:5.

Екі сағат жарымнан астам уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында Скатов 1 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 4 брейктен (10 брейк-пойнт) аса алмады.

Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 182-ракеткасы, аргентиналық Камило Уго Карабелли немесе рейтингте 204-сатыдағы франциялық Жоффри Бланканоның біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Мексикада негізгі турнирге жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Астанада арбадағы теннистен Қазақстан чемпионаты аяқталды.