Тимофей Скатов Италиядағы турнирдің финалында ойнайды
01:56, 16 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық теннисші, әлемнің 308-ракеткасы Тимофей Скатов Тоди (Италия) челленджер турнирінің финалына шықты.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 246-ракеткасы, монаколық Валентен Вашеромен шеберлік байқасты.
Екі сетте де 6:4 есебі тіркеліп, Тимофей жеңіске жетті.
Екі сағат 13 минутқа созылған тартысты бәсекеде Скатов 3 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Вашеро 2 эйс, 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.
Тимофей Скатовтың финалдағы қарсыласы кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Цинциннати турнирінде Елена Рыбакинаның әлемнің 1-ракеткасын ұтқанын жазған болатынбыз.