АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 308-ракеткасы Тимофей Скатов Тоди (Италия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемдік рейтингіде 592-орындағы италиялық, 20 жастағы Филиппо Романомен бетпе-бет келді.
Италиялық спортшы матчты сәтті бастады — 6:3.
Екінші сетте Скатов бет қаратпады — 6:0.
Содан кейін матчты жеңіспен түйіндеді — 6:4.
Екі сағат 7 минутқа созылған бәсекеде Скатов 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Романо 7 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.
Тимофей Скатов жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 594-сатыдағы италиялық Джанмарко Ферраримен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Президент кубогында Асылжан Арыстанбекованың ширек финалға өткенін жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).