АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық, әлемнің 233-ракеткасы Тимофей Скатов Лиссабон (Португалия) челленджер турнирінің финалына өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 137-інші, осы жарыстың бесінші ракеткасы, италиялық Марко Чеккинатомен шеберлік байқасты.
Т.Скатов тәжірибелі қарсыласына қатты қарсылық көрсетіп, 5:7, 6:7 (2:7) есебімен жол берді.
Тартысты матч екі сағатқа жуық уақытқа созылды.
Т.Скатовтың Лиссабонда жартылай финалға дейін жетуінің өзін табыс деп есептеуге болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннисші Дмитрий Попконың Аргентинадағы жарыстың жартылай финалына өткенін , елордада Astana Open ATP 500 турнирінің жеребесі тартылғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Астанада Александр Недовесов әлемнің 69-ракеткасын жеңді .
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).