АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 223-ракеткасы, 23 жастағы Тимофей Скатов Бостад (Швеция) ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне өтті.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 153-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегриноның мысын басты.
Т.Скатов қарсыласын 6:4, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Бір сағат 35 минутқа созылған бәсекеде ол 3 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаға асырды. Пеллегрино 6 брейк-пойнттың біреуін ғана өз есебіне жазды.
Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев іріктеу сайыстарының финалында франциялық Мануэл Гинармен ойнайды. 15-21 шілде аралығында өтетін Бостад додасының жүлде қоры 651 865 еуроға бағаланған. Жарыс жеңімпазы 88 125 еуроға қоса 250 рейтингілік ұпайға ие болады.
Тимофей Скатов қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 218-орынға көтеріліп тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның әлемдік рейтингіде ТОП-30-ға кіргенін жазған болатынбыз. Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде бірден 36 сатыға жоғары көтерілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).