Тимошенко 7 жылға сотталды

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Киевтің Печерск аудандық соты Украинаның экс-премьерi Юлия Тимошенконы 2009 жылы Ресеймен газ келісіміне қол қою кезінде өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тауып, жеті жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ВВС Орыс қызметі.

Сот Тимошенконы Қылмыстық кодекстің 365-бабының 3-тармағы бойынша айыпты деп тапты, деп жазады Телеграф.by.

Сот бұрынғы премьер-министр 2009 жылы газ келiсiмiне қол қою арқылы Украинаның Нафтогаз ҰАК-ге 1,5 млрд. гривен сомасында шығын келтiрді деген қорытындыға келдi. Сонымен қатар, Тимошенкоға үш жылдың iшiнде мемлекеттiк қызмет атқаруға тыйым салынды.

Юлия Тимошенко қазірдің өзінде үкiммен келіспейтінін мәлімдеді. Украинаның Бас прокуратурасы Тимошенко 2010 жылғы Президент сайлауы алдында өз имиджiн жақсарту үшiн 2009 жылы РФ-мен тиімсіз газ шартына қол қойды деп есептейді.