Тимур Бекмамбетов Лас-Вегаста жылдың ең үздік шетел режиссері атанды

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгінгі күндері Американың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан CinemaCon фестивалінде Тимур Бекмамбетов жылдың ең үздік шетел режиссері атанды, деп хабарлады Вести.Ru.

CinemaCon фестивалі АҚШ-тағы кинотеатрларына ие Бизнесмендердің ұлттық ассоциациясымен ұйымдастырылды. Награданы еліміздің тумасы Тимур Бекмамбетовке «Президент Линкольн: Охотник на вампиров» атты флимьде бірге жұмыс істеген танымал режиссер Тим Бертон табыс етті.

Айта кетейік, Тим Бертон Т. Бекмамбетовпен 2009 жылы анимациялық қысқаметражды «Девять» фильмін түсіру кезінде бірге жұмыс істеген болатын.