Фильм британдық журналистің бастан кешкен оқиғалары төңірегінде түсіріледі. Онда ол лаңкес топтардың қалай жас қыздарды Таяу Шығысқа келуге көндіретінін, оларды қалай торына түсіретінін әлеуметтік желілер арқылы зертттеп көрмек болады. Сол себепті де туынды экран форматында, яғни смс хат алмасу, видеобайланыс арқылы сөйлесу сияқты әрекеттерді түсіру арқылы жасалған.
Кинофестивальдің басты жүлделеріне 19 фильм таласуда.