Финалда сынға түскен қазақстандық Мерей Медетов пен Тимур Хайдаров бесінші орын иеленді. Олар аталған қашықтықты 36.73 секундта бағындырған. Бұл сында алтын медальді Испания құрамасы (36.06) жеңіп алды. Күміс медаль Польша (36.18), қола жүлде Өзбекстан (36.42) еншісінде. Финалға жалпы есебі тоғыз команда қатысты.