АСТАНА. ҚазАқпарат - Тимур Құлыбаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы лауазымына қайта сайланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Оны Астанада өтіп жатқан Атамекен ҰКП ІV Съезінің делегаттары бірауыздан бұрыңғы лауазымына сайлады.
«Бүгін басқарма атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Бұл бәріміздің ортақ жұмысымыз. Съезге өңірлік кеңестер, аудандық өкілдіктеріміз қатысып отыр, тұтас республика бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Осы ауқымды жұмыстардағы менің еңбегімді бағалағандарыңыз үшін алғысым шексіз. Сіздердің сенімдеріңізді ақтауға тырысамын», - деді Т. Құлыбаев.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.