«Құрметті Геннадий! Жаңа тамаша жеңісіңмен шын жүректен құттықтаймын!
Барлығымыз бүгін әсерлі және әдемі боксты, өзіңе тән шабуыл, техникалық және шыңдалған жекпе-жек стилін тамашаладық.
«Boxinco» 2014 жеңімпазы кіші Вилли Монромен болған жекпе-жекте сенімді басымдық танытқан сен кезекті жеңісіңе қол жеткізіп қана қоймай, бүкіл әлемге Қазақстан бокс мектебінің мәртебесін асырдың.
Сенің бүгінгі жеткен жетістігің отандастырымыздың жүрегінде мақтаныш сезімін оятты. АҚШ-та өткен бұл сайысты қазақстандық телеарнаның тікелей эфирінен жүз мыңдаған жерлесің тамашалады.
Лос-Анжделестің шаршы алаңында өткен бұл жеңіс қазақстандықтарды жаңа игі істерге шабыттандырып, отандық бокс мектебінің, бүкіл қазақстандық спорттың беделін одан да жоғары көтере түскеніне сенімдімін.
Саған табыс, сәттілік және жаңа жеңіс тілеймін!», делінген жеделхатта.