Тимур Құлыбаев ҚР Әуесқой бокс федерациясының президенті болып сайланды
19:40, 20 Қаңтар 2009
АЛМАТЫ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ-ның вице-президенті Тимур Құлыбаев ҚР Әуесқой бокс федерациясының президенті болып сайланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Федерацияның Алматыда өткен есеп беру-сайлау конференциясына қатысушылар Тимур Асқарұлын бірауыздан жаңа президент етіп сайлады. Бұған дейін бұл қызметті «МаңғыстауМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның бас директоры Ұзақбай Қарабалин мырза атқарған болатын», дейді Алматы қалалық әуесқой бокс федерациясының президенті Юрий Юрченко. Оның пайымдауынша, бұл өзгерістер еліміздегі бокс спортының дамуына тың серпін беруі күмәнсіз.