Тимур Сүлейменов биылғы ЖІӨ өсіміне болжам жасады
14:25, 06 Наурыз 2026
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов биылғы жалпы ішкі өнім өсімі қанша пайыз болатынын атады.
- 2026 жылға арналған жалпы ішкі өнім өсімінің болжамы өзгеріссіз қалып, 3,5–4,5 пайыз деңгейінде сақталды. 2025 жылғы жоғары базаның әсерінен экономикалық белсенділік 2026 жылы және кейінгі жылдары біршама баяу қарқынмен өседі деп күтіледі, - деді Тимур Сүлейменов.
Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п. т. дәлізімен жылдық 18% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
Дегенмен комитет базалық мөлшерлемені жылдың екінші жартысында төмендету мүмкіндігін қарастырмақ.