- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) шамамен 3,2% кірістілік көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіш жоғарырақ болуы мүмкін бе еді? Иә, мүмкін еді, өйткені кейбір жеке басқарушы компаниялар бұдан жоғары нәтижеге қол жеткізді. Дегенмен, БЖЗҚ оң кірістілікті қамтамасыз етіп отыр. Біз бұл туралы бірнеше рет айтқанбыз, яғни 27 трлн теңгелік қомақты портфельді қажетті икемділікпен әрі жылдамдықпен басқару оңай емес. Атап айтқанда, 15-20 млрд теңгелік портфельді басқаруға қарағанда, әлдеқайда күрделірек міндет, - деді Т. Сүлейменов.
Оның айтуынша, зейнетақы қоры басқарушысының басты міндеті – нарықтық, елдік және валюталық тәуекелдерден қорғайтын байыпты әрі консервативті портфельдік бөлуді қамтамасыз ету.
- Меніңше, Ұлттық банк пен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұл міндетті табысты орындап келеді... Дегенмен, активтерді анағұрлым белсенді басқаратын жеке компаниялар да бар. Олар икемді әрі бейімделгіш келеді, портфельдері шағынырақ болады және жоғарырақ кірістілік ұсынады. Ең бастысы, заң шығарушы органмен бірлесе отырып, біз адамдарға таңдау мүмкіндігін бердік. Сондықтан жеке компанияларды таңдасаңыздар, онда инвестиция салып көріңіздер. Егер ұнамаса, қаражаттарыңызды БЖЗҚ-да қалдыра беріңіздер. Біз ешкімді мәжбүрлемеуіміз керек – бұл әрқайсымыздың жеке таңдауымыз, - деді ҰБ басшысы.
Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 15,75% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.