— Бізде салық заңнамасы баршаға ортақ. Егер табыстың қандай бір түрі салық кодексі тұрғысынан салық салынатын табыс болып есептелсе кімнің банк картасы, қандай қаржылық өнім екеніне қарамайды, — деді ол.
Тимур Сүлейменов Freedom-ның кешбэгі неге құнды қағаз болып есептелетінін салық органдарынан нақтылау керектігін айтты.
Ал кеше Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов елде ірі салық төлеушілерге мониторинг жүйесіз жүргізілетінін сынаған еді.