«Елімізде экономиканы кредиттеу мәселесі өткір күйінде қалып келеді. Бізде ЖІӨ-ге шаққандағы кредиттеу шамамен 45%-ды құрайды. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 100%-ды құрайды. Осылайша, банк жүйесі экономиканың қозғаушы күші ретіндегі өзінің негізгі қызметін толық орындап жатқан жоқ. Бұл аталған мәселені түбегейлі шешпейінше, тұтас экономиканың жандануын күту бекершілік», - деді Т. Сүлейменов.
Сондай-ақ министр микрокредиттік ұйымдардың қаражаттары бойынша кредит беру мәселесіне тоқталды.
«Бұл бағытта ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен микрокредиттік ұйымдар нақты қадамдар жасап үлгерді. Біз де өз кезегімізде «Бәйтерек» холдингімен және «Даму» қорымен бірлесіп апекстік қор құруды ұсынудамыз. Яғни, аталған қор арқылы экономиканың нақты бағыттарына және микрокредиттік ұйымдар үшін барынша жеңілдіктер қарастыратын халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын тарту көзделуде», - деп өз сөзін түйіндеді Экономика министрі.