«Өз шешімімізді осы аптада жария ететін боламыз. Көптеген жайт бізге байланысты еместігін баса атап өткім келеді. Өйткені, біз барлық уақытта да тараптардың келісімін не мақұлдаймыз немесе мақұлдамаймыз. Бұл бірінші кезекте коммерциялық мәміле. Тараптардың уағдаластықтары мен ұстанымдарының өзгеруі оның іс жүзінде қалай жүзеге асырылатындығы біздің көзқарасымызға әсер етеді. Бұған қоса, бұл технологиялық тұрғыдан алып қарағанда өте күрделі процес. Бұл екі металлургиялық зауытты бір-бірімен қосу емес. Ол жерде біршама түсінікті. Ал мұнда 3-5 жылдан кейін сала қандай болады деген сияқты технологиялық форсайттық дүниелер көп», - деді Тимур Сүлейменов.
Бұған дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Kcell акцияларының 75% сатып алу туралы Қазақтелеком өтінішін қарастыру мерзімін ұзартқан еді.