Тимур Сүлейменов ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Тимур Сүлейменов ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын, олҚазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын», делінгенМемлекет басшысының Жарлығында.