Айтуынша, бұл шешім елдегі бағаны тұрақтандырып, инфляцияға түсетін қысымды бәсеңдетеді.
– Реформа басталған кезде өршіл қарқын меже етіп алынған болатын. Енді соны қайта қарау керек болып тұр. Біз Үкімет солай істегеніне қуаныштымыз. Тарифтің қарқынды өспегені инфляцияның ахуалына әсер етеді, - деді Тимур Сүлейменов.
Сондай-ақ, ол тариф реформасы басталған кезде салық саясаты қалай өзгеретіні айқын болмағанын айтады. Оған сыртқы экономиканың ахуалы, сауда режимдерінің құбылуы қосылған.
- Бизнес жылудың немесе электр қуатының ақысының өскенін көргенде өзі көрсететін қызмет пен өндіретін тауарға да баға қосады. Сондықтан тарифті біртіндеп, бақылай отырып көтерген маңызды, - деді Ұлттық банк басшысы.
Еске салайық, бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы өзгеріссіз қалдырды.