Тимур Турлов FIDE-нің жаңа президенті болды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті болып сайланды.

Фото: Рүстем Қожыбаев/Kazinform

Сайлау 26 қыркүйекте Самарқандта 46-Дүниежүзілік шахмат олимпиадасымен қатар өтіп жатқан ұйымның Бас ассамблеясы аясында өтті.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Тимур Турлов мүмкін болған 196 дауыстың 110-ын жинады.

Турлов Қазақстан шахмат федерациясын 2023 жылдан бері басқарып келеді. Осы кезеңде Қазақстан ерлер арасында шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчты, сондай-ақ рапид пен блицтен командалық әлем чемпионатын қабылдады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті лауазымына кандидатурасын ұсынғанын мәлімдеген еді.