ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Жақсылықов бүгін Алматыда өтіп жатқан министрлік жанындағы Экономикалық ықпалдастық мәселелері бойынша жедел штабтың алғашқы отырысында айтты.
«Кеден одағы елдерімен қатынаста Қазақстанның Ресей сияқты Беларусьпен саудада да жалпы тауар айналымы өсуде. Бірақ ол импорт есебінен. Беларусь импорты қаңтар-наурыз айларында өткен жылмен салыстырғанда 32 пайыз өсті. Бұл қант, мұздатылған ірі қара мал еті мен моторлы көлік құралдары, жиһаз, трактор және тағы басқа тауарлар бойынша байқалып отыр», - дейді Т. Жақсылықов.
Оның айтуынша, Қазақстанның Беларусь еліне экспорты биыл 3,6 пайызға қысқарды. Оған мұнай өнімдері мен жазық темір шығарудың тоқтатылуы түрткі болып отыр.