«Бұл өз кезегінде органды ауыстырып отырғызу бойынша 383 ота мен 153 сүйек кемігін ауыстыру оталарын сәтті жасауға мүмкіндік берді. Транспланттауды күтіп жүрген науқастар базасы мен гемопоэздік дің жасушалары донорларының тізімі жасалды»,-делінген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мәліметінде.
Аталған зертханада өткізілетін транспланттаулар аясында сезімталдық (үйлесімділік) деңгейін анықтау үшін донорлар мен реципиенттерді типтеу бойынша барлық зерттеу кешені жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда гемопоэздік дің жасушалары донорларының тізіміне 3,5 мыңнан астам типтелген донорлар енгізілді.
Сонымен қатар, 2015 жылы Алматы қаласындағы Республикалық қан орталығында оңтүстік аймақтар мен еліміздің ірі қаласында органдарды транспланттауды зертханалық сүйемелдеу мақсатында иммунологиялық типтеу зертханасы құрылды. 2015 жылы алматылық емханаларда барлығы 118 трансплантация жасалды.