АСТАНА. KAZINFORM - Иорданияда өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия біріншілігінде Қазақстан қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, әйелдер күресінен 62 келі салмақта сынға түскен Тыныс Дубек күміс медаль иеленді.
Айналмалы жүйе бойынша өткен турнирде ол үндістандық Нитикадан екі рет жеңілді.
Айта кетелік, Тыныс Дубек 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында сынға түскен.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.