Италияның солтүстігінде орналасқан Тревизодағы мейрамхана 1939 жылы ашылған. Ал 2014 жылдың 30 наурызында мүлдем жабылады, деп хабарлайды РОСБАЛТ. 60 жасар мейрамхана иесі Карло Кампеоло бұған клиенттердің күрт азайғаны себеп болды дейді. Оның сөзіне қарағанда, Италияда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мұндай дағдарыс болып көрмеген.
Қаржылық қиындықтарға тап болған итальяндықтар қымбат мейрамханалардан гөрі арзан дәмханалардан тамақтанғанды немесе жол-жөнекей бірдеңе тістей салғанды жөн көріп отыр дейді ресторатор.