Оның атап өтуінше, Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Атырау облыстық патологоанатомиялық бюросы» мемлекеттік кәсіпорын директорының міндетін атқарушы И.Молдағалиевқа қатысты қылмыстық құқық бұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
«Ол сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша тірі туылған нәрестені өлі туған деп көрсетіп, патологоанатомиялық зерттеудің хаттамасына көрінеу жалған ақпарат енгізу арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған деген күдік болды», - деді ол.
Аға тергеушінің дерегінше, осы жылдың 28 наурызында Атырау қаласының №2 сотының үкімімен И.Молдағалиевке 1 325 500 теңге көлеміндегі айыппұл салынды.
«Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды», - деді Данияр Биғайдаров.