Тіркелген байланыс абоненттерінің саны 3,6 миллионнан асты - қыркүйектің 1-дегі жағдай бойынша

АСТАНА.  Қазанның  19-ы.  ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ -    Ағымдағы жылғы  қыркүйектің 1-дегі жағдай  бойынша     тіркелген байланыс абоненттерінің саны   3,6 миллионнан  асты.

Ақпараттандыру және байланыс  агенттігінде  өткен    алқа мәжілісінде   осындай  мәліметтер   жария  етілді,  деп   хабарлады  Агенттіктің баспасөз қызметінен.

  «2009 жылғы қыркүйектің  1-дегі жағдай   бойынша,   тіркелген  байланыс абоненттерінің саны   3.,6 миллионнан асты.   Қазақстан бойынша  орташа телефон  тығыздығы   әр 100 тұрғынға шаққанда 23,4 абонентті құрап  отыр.   Ұялы байланыс абоненттерінің саны 15,7  миллионнан  астам абонентті  құрап  отыр,  бұл    саладағы     телефон  тығыздығы   әр 100  адамға 100  абоненттен  келуде»,   деп  атап  көрсетті Агенттік басшысы Қуанышбек Есекеев  өз  сөзінде.

 Алқа  мәжілісінде      ағымдағы жылдың  9 айындағы  жұмыс қорытындысы  қаралды.  Алқа  жұмысына  Агенттік  төрағасы Қ.Есекеев,    құрылымдық  бөлімдердің басшылары,  сондай-ақ   ақпараттандыру және  байланыс  жөніндегі  облыстық инспекциялардың басшылары   қатысты.