Тіркелген заңды тұлғалардың саны 314 054-ке жетті
18:41, 15 Қазан 2012
АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 314054 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,6 пайызға артты, оның ішінде 50 адамнан кем қызметкерлері бар - 297744 бірлік. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінде өткен брифингте аталған ведомствоның басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.
Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 171068 құрады, оның ішінде 155749 бірлік - шағын кәсіпорындар. Республикадағы тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны (заңды тұлғалар) 227678 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,1 пайызға артты.