АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 22 жастағы бойжеткен тіс емханасында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиғаның мән- жайы әлеуметтік желіде жарияланды.
Қалалық полиция бұл дерек бойынша тергеу басталғанын мәлім етті.
«Аталған факті бойынша тергеу басталды. Қылмыстық іс Әуезов аудандық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады департаменттен.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.