«Титаник» кемесінде аман қалған жолаушының хаты £300 000 сатылды

Фото: Фото: HENRY ALDRIDGE & SON LTD

АСТАНА. KAZINFORM – Полковник Арчибальда Грейсидің «Титаник» кемесі суға батқанға дейін бірнеше күн бұрын жазған хаты Ұлыбрианиядағы аукционда £300 000 ($400 000) сатылды. Оны сатып алған адамның аты-жөні жарияланбады, деп хабарлайды BBC.

Ол әулие адамның хаты ретінде бағаланып отыр. Грейси аңызға айналған кеменің ерекшеліктер туралы сөз етпестен бұрын осы сапардың соңына дейін аман жетуін күтетінін айтқан. Хат 1912 жылдың 10 сәуірінде, яғни жолаушылар лайнерге отырғызылған күні жазылған.

Бірінші санаттағы хат C51 каютасынан жазылған. Хат 1912 жылдың 11 сәуірі күні, кеме Куинстаун (Ирландия) портына тоқтаған кезде жіберілген. Сонымен қатар хатқа 12 сәуір күнгі лондондық белгі (штемпель) басылған.

Титаник 15 сәуірде су түбіне кетті, 1500-ден астам адам мерт болды. Грейси төңкеріліп қалған қайыққа мініп, аман қалған.

Henry Aldridge and Son аукцион үйінің өкілдері «Титаник» кемесінде жазылған хаттардың ішінде ең құндысы болғанын айтады.

Грейсидің апат туралы жазуы ең танымал жазба саналады.

Кейінірек ол «Титаник туралы шындық» атты кітап жазып, онда өзінің лайнердегі күндері қала өткенін суреттеген.

Полковник апаттан аман қалғанымен, оның денсаулығы гипотермиядан және жарақаттардан қатты зардап шеккен.

1912 жылдың 2 желтоқсанында ол комаға түсіп, артынан диабет салдарынан жағдайы нашарлап, қайтыс болды.

Осыған дейін «Титаниктегі» мыңға жуық жолаушыны құтқарған капитанның сағаты рекордтық бағаға сатылғаны туралы жаздық.